БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

+7 727 249 98 69

+7 727 249 71 41

Жамбыл

 

 

 

Тіл: Қазақ 
Бет: 616
Жыл: 2016
Бағасы: 4000 теңге

Халқымыздың көнеден арна тартқан ауыз әдебиетін ХХ ғасырдағы жазба әдебиетпен жалғастырған ұлы жырау, сұңғыла жүйрік, суырыпсалма жыршы, ақиық айтыскер ақын Жамбыл Жабаев – өз есімімен ұлтымыздың даңқын әлемге танытқан біртуар тұлға. Дүние жүзінің ондаған тіліне аударылып, толық жинақтары мен жекелеген кітаптары өз елімізде әлденеше реттен жарық көрген ақын шығармашылығы туралы жүздеген зерттеулер жазылып, Жамбылтану ғылымы қалыптасты. Ақын бейнесі көптеген әдеби шығармалар мен өнер туындыларынан өз орнын тапты. Әйтсе де ұлт мақтанышына айналған ұлы тұлғаның кесек бітім-болмысы осы уақытқа дейін энциклопедиялық кескін-келбетін таппай келеді.
«Қазақ энциклопедиясы» баспасы шығармашылық ұжымының күшімен дайындалып, оқырманға ұсынылып отырған «Жамбыл» тұлғалық энциклопедия-
сы осы олқылықтың орнын толтыруды мақсат етті. Бұл кітап ұлы бабамыз бен ұрпақ алдындағы парызымыздың бір өтеуі болар деген ойдамыз.

Кітапті сатып алу

ҚР, Алматы қ. 

8 мкр. 19 үй 

e-mail: kazenc@mail.ru 

сайт aisit.kz компанияда әзірленді және қорғалған

Сіздің мәліметтерін енгізіңіз және біз кері сізге қоңырау шаламыз