БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

+7 727 249 98 69

+7 727 249 71 41

Алаш көсемсөзі: Дін мәселесі

 

 

 

Тіл: Қазақ   

Том: 1-3

Бет: 395

Жыл: 2014

Бағасы: 1000 теңге әр томы

   Жинақта XIX ғасыр аяғында жарық көрген «Түркістан уалаятының газетінен» бастап, XX ғасырдың 30 жылдары шетелде басылып шыққан «Жас Түркістан» журналы аралығындағы Алаш баспасөзінің дін мәселесіне қатысты құнды жарияланымдары топтастырылды.
   Бодандықтың құрсауында болған қазақ халқының діни наным-сенімі XX ғасыр басында аса күрделі кезеңді бастан кешкен тұста Алаш зиялылары қол қусырып қарап отырмады. Олар ұлттың діни тұтастығы елдің жарқын болашағының кепілі екенін айрықша түсініп, сол жолда кездескен күрделі мәселелерді шешуде табандылық танытты, өздерінің құнды көсемсөздері арқылы қаймана қазақты тура жолға бастады.
   Ендеше Алаш баспасөзінде жарияланған көсемсөз өткенімізді танып білу үшін ғана емес, бүгінгі діни ахуалымызды бағамдап, болашақта осы бағытта нақтылануға тиісті мемлекеттік саясатты бағдарлау үшін таптырмайтын бай тәжірибе екендігімен де құнды.
   Жинақ дін саласындағы мамандарға, Алаш көсемсөзін зерттеп жүрген алаштанушы ғалымдарға, ата дінімізге бей-жай қарамайтын, осы бағытта білімін шыңдағысы келетін жалпы оқырманға арналады.

Кітапті сатып алу

сайт aisit.kz компанияда әзірленді және қорғалған

ҚР, Алматы қ. 

8 мкр. 19 үй 

e-mail: kazenc@mail.ru 

Сіздің мәліметтерін енгізіңіз және біз кері сізге қоңырау шаламыз