БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

+7 727 249-98-69

+7 727 249-71-41

2015 жылы 25 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы кітап палатасының ұйымдастыруымен баспа ісінің қазіргі кездегі көкейкесті мәселелерін талқылаған дөңгелек үстел болып өтті. Жиынды Ассоциацияның төрағасы Ж.Сейдуманов жүргізіп отырды. Дөңгелек үстелде еліміздің барлық аймағынан келген баспагерлер баспа ісіне байланысты орын алып отырған көкейкесті мәселелерді ортаға салды. Дөңгелек үстел соңы баспа ісіне қомақты үлес қосып, ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттау шарасына ұласты. Аталмыш шарада «Қазақ энциклопедиясы» баспасы қызметкерлерінің де еңбектері еленіп, аға редактор Ғұсман Жандыбаев «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» медаліне ие болса, Бас редактор Жадыра Тойбаева, редакторлар Ғалия Егеубаева, Кенжеғали Қошым-Ноғай және Индира Иманалиева мен Гулмира Жалгасовалар «Кітап саласының дамуына, ғылым мен кітап мәдениетінің қалыптасуына қосқан үлесі үшін» Құрмет грамотасымен марапатталды.

ЕҢБЕК ЕЛЕНГЕН КҮН

Тойбаева Жадыра Нурбаевна

Бас редакторға жазу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

сайт aisit.kz компанияда әзірленді және қорғалған

ҚР, Алматы қ. 

8 мкр. 19 үй 

e-mail: kazenc@mail.ru 

Сіздің мәліметтерін енгізіңіз және біз кері сізге қоңырау шаламыз

БАС РЕДАКТОРҒА ЖАЗУ