БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

+7 727 249-98-69

+7 727 249-71-41

Үстіміздегі жылғы 23 қыркүйекте Т.Жүргенов атындағы академияда «Қазақ энциклопедиясы» баспасы қалың көпшіліктің қатысуымен тағы бір өнімінің тұсаукесерін өткізді.  Бұл тұсаукесер өз көрермендеріне «Біржан сал», «Құнанбай» атты көркемфильмдердің сценариін жазу арқылы танылған жазушы Таласбек Әсемқұловтың он томдық шығармалар жинағының алғашқы бес томына арналған-тын. Жиырма жасынан өнерпаз ортаға күйші болып танылған Таласбек Әсемқұлов кейіннен әдебиеттану, музыкатану, мәдениеттану салаларында көптеген зерттеу еңбектер жазды. Өнердің қай саласына да үлкен интелектуалды дайындықпен келетін автор қазақ прозасында да, кинодраматургиясында да тарихи-эпикалық шығармалар тудыра білді. Жұртқа ұсынылып отырған алғашқы бес томдыққа жазушы, зерттеуші қаламынан туған бірқатар дүниелері жинақталып берілген. Жазушы шығармаларының жинақталып, жарыққа шығуына автордың шәкірттері атсалысып, жары Зира Наурызбаева басшылық еткен. Тұсаукесерге «Қазақ энциклопедиясының» директоры әрі бас редакторы Жадыра Тойбаева мен бас редактордың орынбасары Нұрымжан Мауытов қатысып, өз ойларын ортаға салды. Оқырман қауым өздерінің сүйікті авторы болған жанның саудаға қойылған томдықтарын әп-сәттің ішінде-ақ таласа-тармаса алып кетті. Осыдан екі жыл бұрын өмірден озған жазушының жары Зира Наурызбаева оқырмандарына: «Таңқалдырғаны ойы емес. Талас маған сөйлеп тұрғандай болды. Мені өмірге баулып, мықты бол дегендей, маған өсиет айтып тұрғандай әсер етті», – деп ішкі сырын жайып салды.

ТАЛАСБЕКТІҢ ТОМДЫҚТАРЫ

Тойбаева Жадыра Нурбаевна

Бас редакторға жазу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

сайт aisit.kz компанияда әзірленді және қорғалған

ҚР, Алматы қ. 

8 мкр. 19 үй 

e-mail: kazenc@mail.ru 

Сіздің мәліметтерін енгізіңіз және біз кері сізге қоңырау шаламыз

БАС РЕДАКТОРҒА ЖАЗУ