БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

+7 727 249-98-69

+7 727 249-71-41

«Астана EXPO-2017»  халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясында 2017 жылғы 15-18 маусым аралығында Астана қаласындағы «Көрме» орталығында «Eurasian book fair-2017»  екінші Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Әлемнің 25 елінен 90-нан астам компания мен ұйым көрмеге қатысуға өтініш білдірген, олардың ішінде, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркия, Қытай, Үндістан және басқа да елдердің өкілдері бар. Қазақстан тарапынан бірқатар баспалардың ішінде «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС да өз үлесін қосты. Көрме аясында «Үздік оқулық кітап», «Үздік өлкетану басылымы», «Балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік басылым», «Көрме-жәрмеңкеде ұсынылған үздік экспозиция», «Ғылым және инновациялар», «Бас жүлде» деген алты аталым бойынша үздік басылымды анықтауға бағытталған байқау өткізілді. Бұл байқауда баспа өнімдерінің арасындағы маңыздылығы жоғары, сүбелі басылымдар шоқтығы биік көрініп, жүлделерге ие болды. Солардың қатарында біздің «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нан қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген «Мәңгілік ел – Қазақстан» фотоальбомы көрме-жәрмеңкенің Бас жүлдесін (Гран-при) жеңіп алса, «Қазақстан халқы» энциклопедиясы «Өлкетану тақырыбындағы үздік басылым» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломға ие болып, қола медальмен марапатталды. Баспа ұжымын еңбектері шынайы бағасын алған жетістіктерімен құттықтап, қаламдары талмай, табыстан табысқа жете берулеріне тілекеспіз. Жүлде құтты болсын!

Бас жүлде – қанжығамызда!

Тойбаева Жадыра Нурбаевна

Бас редакторға жазу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

сайт aisit.kz компанияда әзірленді және қорғалған

ҚР, Алматы қ. 

8 мкр. 19 үй 

e-mail: kazenc@mail.ru 

Сіздің мәліметтерін енгізіңіз және біз кері сізге қоңырау шаламыз

БАС РЕДАКТОРҒА ЖАЗУ