БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

+7 727 249 98 69

+7 727 249 71 41

Жақып Бауыржан Өміржанұлы (1.5.1963) – Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Аққора ауылында туған. Ақын, филология ғылымдарының докторы (2004), профессор (2007), Қазақстан Журналистика академиясының (2006) және Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп ұлттық ғылыми академиясының корреспондент мүшесі (2007). ҚазМУ-дың журналистика факультетін (1985, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. ҚазМУ-да стажер-зерттеуші (1986 – 88), ассистент (1988 – 91), аға оқытушы (1991 – 94), деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі (1995 – 2001, 2008 – 09), журналистика факултетінің деканы (2001 – 08) қызметтерін атқарды. 2009 – 15 жылдары «Қазақ энциклопедиясының» бас директоры болды. Семей мемлекеттік университетінің құрметті профессорі (2009).

Шығармалары:

“Жұлдызды шақ” (1987), “Көзімнің нұры” (1990), “Айдындағы аспан” (1996), “Ақ лақ” (1997) жыр жинақтары, “М.Әуезов – публицист” (1997) ғылыми-зерттеу кітабы жарық көрген.

сайт aisit.kz компанияда әзірленді және қорғалған

ҚР, Алматы қ. 

8 мкр. 19 үй 

e-mail: kazenc@mail.ru 

Сіздің мәліметтерін енгізіңіз және біз кері сізге қоңырау шаламыз