БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

+7 727 249 98 69

+7 727 249 71 41

НҰРҒАЛИЕВ Рымғали (17.6.1940 – ....) – Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігі Қайнар ауданында туған. Әдебиет зерттеушісі, сыншы, жазушы, ҚР ҰҒА академигі (2003). ҚазМУ-дың филология факультетін (1963), аспирантурасын (1967), докторантурасын (1972) бітірген. 1962 – 96 ж. “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінде тілші, Қазақстан Жазушылар одағы сын секциясында кеңесші, ҚазМҰУ-да доцент, профессор, филология факультетінің деканы, Қазақ Совет Энциклопедиясының Бас редакторы (1986 – 96) қызметтерін атқарған. 1996 жылдан өмірінің соңына дейін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болды. Алғашқы ғылыми еңбегі “Сабыр Шәріпов” деген атпен 1961 жылы жарық көрді. Зерттеу еңбектері қазақ әдебиеті мен драматургиясының тарихына, теориясына, оның жанрлық жүйесі мен поэтикасына арналған. Ол “Трагедия табиғаты” еңбегінде М.Әуезовтің драматургиясын саралап, жазушы шығармасындағы тартыс, сюжет, идея мәселелерін кең ауқымда талдады, шығармашыл зертхана сырларын ашты. “Талант тағдыры” зерттеу еңбегінде қазақ театр өнерін қалыптастырушылардың бірі, алғашқы режиссер, көрнекті

драматург Ж.Шанин мұрасын жан-жақты қарастырды. “Өнер алды – қызыл тіл”, “Өнердің эстетикалық нысаны”, “Күретамыр”, “Айдын” кітаптарында драматургияның жанрлық-эстетикалық мәселелері, поэтика, стиль бедерлері сан қырынан танылған. Оның еңбектерінде М.Әуезов трагедияларындағы ішкі монолог құдіреті, тарихи желінің беріктігі, тіл айшығы, С.Сейфуллин драмаларындағы, І.Жансүгіров пьесаларындағы ақындық үрдіс сілемдері, әрекет, тартыс негізінде пернеленетін адамдық қасиеттер терең талданған (“Қазақ революциялық поэзиясы”, 1987). “Телағыс” монографиясында эстетика тарихы, әдебиеттанудың әдіснамасы, көркемдік әдіс, бейнелеу құралдары, аударма сипаты, т.б. қамтылған. Ол әдебиет пен өнер, эстетика, театр мәселелерін сөз ететін көптеген эссе, мақалалар топтамасын жазған. Л.Толстойдың “Әзәзіл” повесін, Н.Погодиннің “Салтанат жыры” пьесасын, А.Кешоковтың “Соңғы шақырым” драмасын, П.Брагиннің “17 жайлы хикая” повесін қазақ тіліне аударды. “Айдын”, “Телағыс”, “Қазақ революциялық поэзиясы” трилогиясы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (1988).

Шығармалары: Айғақ, А., 2000, Сырлы сөз, А., 2000, Арқау, 2 т., А., 1991, Әуезов және Алаш, А., 1997, М.Әуезов тағылымы, А., 1987, Ай қанатты арғымақ, А., 1990, Ахмет Байтұрсынов, А., 1990, Вершины возвращенной литературы, А., 1998, Қазақ драматургиясының поэтикасы, А., 1973, Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры, А., 2003.

сайт aisit.kz компанияда әзірленді және қорғалған

ҚР, Алматы қ. 

8 мкр. 19 үй 

e-mail: kazenc@mail.ru 

Сіздің мәліметтерін енгізіңіз және біз кері сізге қоңырау шаламыз