БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

+7 727 249 98 69

+7 727 249 71 41

Физика әлемі

 

 

 

Тіл: Қазақ 
Бет: 1-том 672 бет, 2 том 640 бет
Жыл: 2015–2016
Бағасы: 1-том 2500 теңге, 2-том 3000 теңге

"Физика әлемі" пәндік энциклопедиясы – ана тілімізде тұңғыш рет шығарылып отырған 2 томдық жинақ. Энциклопедияда әрбір ұғым мен түсінік кең ауқымды егжей-тегжейлі терең мазмұнды болып баяндалады. Құбылыстың құпия сырлары қалыптасқан теория аясында түсіндірілген. Осы тұрғыдан алғанда "Физика әлемі" пәндік энциклопедиясы тек мектеп оқушыларына ғана емес, физика мамандықтары бойынша оқитын жоғары оқу орындары студенттеріне де ортақ болмақ. Сонымен қатар физика пәнін тереңдетіп оқытатын мектептер мен лицейлердің оқушыларына көп көмек тигізбек. Физика пәні мұғалімдеріне оқулықтан тыс мағлұматтар беретін оқу құралы ретінде де пайдалануға лайықты анықтамалық болары сөзсіз.

Табиғат құбылыстарының (мысалы, найзағай, аспанның күркіреуі, домалақ найзағай, кемпірқосақ, Күннің, Айдың құлақтануын, аспанның түсі неліктен көгілдір, Күн батар кезде неліктен Күннің дискісі ұлғайып көрінетінін, поляр шұғыласы, сағым, т.б.) пайда болуын білгісі келетін физика әуесқойларының және көпшілік оқырмандардың танымдық білімін арттырмақ.

Кітапті сатып алу

ҚР, Алматы қ. 

8 мкр. 19 үй 

e-mail: kazenc@mail.ru 

сайт aisit.kz компанияда әзірленді және қорғалған

Сіздің мәліметтерін енгізіңіз және біз кері сізге қоңырау шаламыз