БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

+7 727 249 98 69

+7 727 249 71 41

Қазақ көтерілістері

 

 

 

Тіл: Қазақ 
Бет: 640
Жыл: 2014
Бағасы: 3000 теңге

 

Қолдарыңыздағы жинақ қазақ халқының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық көтерілістері мен қозғалыстарының құбылысы мен жұмбағын, тағылымы мен қорытындыларын, қозғаушы күштері мен басшыларын ғылыми-ақпараттык, теориялық-методологиялық тұрғыдан зерделеуге арналған. Мақала авторлары - негізінен жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарында еңбек етеді әрі осы мәселені көптен бері ой елегінен өткізіп жүрген мамандар. Жинақта 18-20 ғасырлардағы қазақ даласын дүбірлеткен көтерілістер мен ұлт-азаттық қозғалыстарының қайнар көзі, дәуірлері, себептері мен салдарлары, қатысушылардың құрамы, көздеген мақсат-мұраты, бүгінгі тәуелсіздік идеясымен үндестігі дәйектелген. Бұрын-соңды беймәлім болып келген деректер мен құжаттар ғылыми айналымға түскенін айрықша атап өткен абзал. Айтылған ойлар, ортаға салынған деректер оқырманның тарихи санасын оң қалыптастыруына септігін тигізсе, оқу-тәрбие үдерістерінде қолданылым тапса - қолдарыңыздағы жинақты шығарудағы мақсаттың өз үдесінен шыққаны деп білеміз.
Жинақта ұлт-азаттық қозғалысының тарихымен қоса, көтерілістердің туу себептері патшалық отарлау саясатының іс-шараларымен байланыстырыла көрсетілді. Сондай-ақ қазақ тарихындағы аса көрнекті тұлғалар мен өшпес тарихқа айналған оқиғалар, көтерілістер туралы әр кезеңде жазылған шығармалар және 20 ғасырдың алғашқы ширегінде орын алған алаш қозғалысының азаттық жолындағы күрес қимылдары да қамтылған.

 

Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістері мен қозғалысының тарихы және олардың көсемдері мен қаһарман тұлғалары туралы мол мағлұмат тұңғыш рет энциклопедиялық жүйемен бір жинаққа топтастырылып берілген бұл кітап жүрегі халқым деп соғатын барша оқырман қауымға, сондай-ақ ғалымдар мен студенттердің, мұғалімдер мен жоғары сынып оқушыларының пайдалануына арналды.

 

Кітапті сатып алу

ҚР, Алматы қ. 

8 мкр. 19 үй 

e-mail: kazenc@mail.ru 

сайт aisit.kz компанияда әзірленді және қорғалған

Сіздің мәліметтерін енгізіңіз және біз кері сізге қоңырау шаламыз