БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

+7 727 249 98 69

+7 727 249 71 41

ҚАРАТАЕВ Мұхамеджан (1910 – 1995) – Қызылорда облысы Сырдария ауданы Телікөл ауылында туған. Әдебиет зерттеушісі, Қазақ КСР Халық жазушысы (1987), профессор (1967), Қазақ КСР FA-ның академигі (1975). Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген қайраткері (1974). Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1933). 1936 – 1938 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында жауапты хатшы, төрағасы, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қазақ және орыс әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі. 1938 жылы КСРО ғылым академиясының Қазақ филиалы президиумының мүшесі, Қазақ әдебиеті секторының меңгерушісі. 1947 – 1951 жылдары Жамбыл педучилищесінде оқытушы. 1955 – 1960 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында (қазіргі "Жазушы") редактор, бас редактордың орынбасары, директор. 1960 – 1968 жылдары ҚСЭ-нің бас редакторы (1968 – 1979), 1979 – 1988 жылдары Қазақ КСР ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында бөлім меңгерушісі, кеңесшісі. Ол 30-жылдардан сыншы-ғалым ретінде қазақ әдебиетіне белсене араласты. 50-жылдардың орта кезінен бастап қазақ әдебиетінің даму тарихын, теориясын,

эстетикалық мақсат-мұратын зерттеумен шұғылданды. Қазақ әдебиетінің қалыптасу проблемаларын зерттеді. М.Горькийдің "Менің университетім", М.Шолоховтың "Тынық Дон" романын (3-кітап) аударған. Халыкаралық әдебиет сыншылары қауымдастығының мүшесі (1974), Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ("Асулар алда" монографиясы ушін, 1974). Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы, Құрмет Белгісі ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Шығармалары:
«Туған әдебиет туралы ойлар» (1958), «Рожденная Октябрем» (1958), «Путешествия за песнями» (с Брагиным А.) (1958), I.Жансүгіров (1959), «Казахская литература» (1960), «Любить и утверждать прекрасное» (1960), «Өнерпаз болсаң арқалан» (1960), «Гудок в степи» (с Алтайским К.). (1961), «Даладағы дабыл» (1962), «Шеберлік шыңы на» (1963), «С. Сейфуллин» (1964), «Әдемілікке үйрететін ұстаз» (1965), «Осы заман шындығы - қазіргі әдебиет өзегі» (1965), «Социалистік реализмнің қазақ прозасындағы қалыптасуы» (1965), «Мировозрения и мастерство» (1965), «Сұлулықты қастерлен^» (1965), «Мұхтар Әуезов» (1967), «Эпостан эпопеяға» (1969), «От домбрыдо книги» (1969), «На пути солнца и ветра» (1969), «Әдебиет және эстетика» (1970), «Путешествие в Жер-Уюк» (1971), «Совет әдебиетінің мақтанышы» (1972), «Таңдамалы шығармалар» (1-3 том). (1974), «Свет русской культуры» (1975), «В Семье единой» (1976), «Эстетика казахского фолькпора» (1976), «Қазақ әдебиетінің классигі - М. Әуезов» (1977), «Жиделі-Байсын – земля счастья» (с К.Алтайским). (1977), «Вершины впереди» (1977), «Революция рухымен» (1978), «Новые горизонт» (1979), «Октябрь телі» (1980), «Ғ. Мүсрепов» (1982), «Көргенім мен көңілдегім» (1982), «Ізденіс іздері»( 1984), «Соб. Сой. В 3-х томах» (1986-1987), «Бетбұрыс белестері» (2005), «Ғасырлар үндеуі» (2006), «Основоположники казахской советской литературы» (совметно с Б.Наурызбаевым и М.Дуйсеновым). (1984), «Қазақ совет әдебиеті» (оқулық). (1938), «Қазақ совет әдебиеті» (оқулық). (Т.Нұртазин, С.Қирабаевпен бірге). (1968), «Қазақ совет әдебиеті» (оқулық). (С.Қирабаевпен бірге). (1971), «Қазақ совет әдебиеті» (оқулық). (1987), «Қазақ әдебиеті тарихы 3-т, 2-кіт.» (1967).

сайт aisit.kz компанияда әзірленді және қорғалған

ҚР, Алматы қ. 

8 мкр. 19 үй 

e-mail: kazenc@mail.ru 

Сіздің мәліметтерін енгізіңіз және біз кері сізге қоңырау шаламыз