БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

+7 727 249 98 69

+7 727 249 71 41

ҚОЗЫБАЕВ Манаш Қабашұлы (16. 11.1931– 30.10.2002) – Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Тазкөл ауылында туған. Ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері, тарих ғылымының докторы (1969), профессор (1970), Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (1989), еңбек сіңірген қайраткері. 1953 жылы ҚазМУ-ды бітірген. 1953 – 58 жылы Қостанай педогогикалық институтында, 1958 – 74 жылы СОКП ОК жанындағы Марксизм-ленинизм институтының Қазақ бөлімшесінде, 1974 – 79 жылы Алматы мал дәрігерлік институтында, кейін ҚазМУ жанындағы Қоғамдық ғылымдар оқытушыларының білімін жетілдіру институтында ғылыми-педогогикалық жұмыстармен айналысты. 1979 – 86 жылы Қазақ Кеңес энциклопедиясының Бас редакторы, 1986 – 88 жылы Қазақстан ҒА Тарих және этнол. институты тарихнама бөлімінің меңгерушісі, 1988 жылдан өмірінің соңына дейін осы институт директоры болды. Оның 30 монографиясы, 50-ден астам ұжымдық еңбектері бар. Қ. басшылығымен “Қазақстан тарихы” академиялық басылымының 3 томы, ағылшын тілінде “Қазақстан тарихы”, көптеген құжаттар жинақтары, т.б. жарық көрді. Қозыбаев отандық тарихнамада жеке ғылыми мектеп қалыптастырды. 90-ға жуық шәкірт тәрбиеледі. Халықар. конгрестерде, конференциялар мен симпозиумдарда 200-ге

жуық баяндамалар жасады. Еңбектері Ресей, Украина, Қытай,Түркия, Иран, АҚШ, Корея, Армения, Беларуссия, тағы да басқа елдерде жарық көрді. Қозыбаев 1990 – 93 жылы сайланған ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Кеңестің ұлттық саясат, мәдениет және тілдерді дамыту комитетінің мүшесі, 1993 жылы Қазақстан республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңес мүшесі, 1994 – 98 жылы Адам құқығы жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшесі болды. Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық (1970), Қазақстан Мемлекеттік сыйлық иегері (1995), Қазақстан республикасы Президентінің Бейбітшілік пен рухани келісім сыйл. лауреаты (1997), 2001 жылы “Парасат” орденімен марапатталды. Қозыбаев Қостанай облысы Меңдіқара ауданының, Қостанай қаласының құрметті азаматы. Петропавл қаласындағы Солтүстік Қазақстан университетіне Қозыбаевтың есімі берілді (2003). Ғылыми зерттеулері Қазақстан халқының 2-дүниежүзілік соғыс жылдарындағы ерлігі мен қаһармандық еңбегіне, Қазақстан мемлекетінің құрылу және қалыптасу тарихына арналған. Оның «Қазақстан – майдан арсеналы», «Ақтаңдақтар ақиқаты», «Ұлы ерлік», «Қазақстан тарихы» т. б. монографиялары жарық көрген. Ғалымның еңбектері тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихына, елдегі ұлттық идеологияны белгілеп, қалыптастыру мәселелеріне арналған. Бірқатар еңбектерінде Абайдың қазақ тарихында алар орны мен тарихи көзқарастары қарастырылады.Жалпы, тарихшы қауым Алаш деген сөзден үркіп-қорқып, ат-тонын ала қашқан кезде «Алаш – қазақ халқы деген үғым. Алаш – еліміздің ежелгі аты. Ол ғасырдың басындағы ұлттың санасында өсу процесінің құрамдас бөлігі» деп алғаш айтқан М.Қозыбаев.

сайт aisit.kz компанияда әзірленді және қорғалған

ҚР, Алматы қ. 

8 мкр. 19 үй 

e-mail: kazenc@mail.ru 

Сіздің мәліметтерін енгізіңіз және біз кері сізге қоңырау шаламыз