БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

+7 727 249 98 69

+7 727 249 71 41

БАСПА ТАРИХЫ

Әр халықтың өзіндік бет-бейнесін танытатын тілі, тарихы, шаруашылығы, ғылымы, музыкасы, сәулет өнері, салт-дәстүрі болады. Сол ұлттық сипаттарды зерттеп, қыруар бейнетпен том-том кітапқа айналдыру –өскен өркениеттің нышаны. Міне, осындай шежіре кітап – қазақтың өз энциклопедиясының жарық көруі Қазақстан Республикасы тарихындағы елеулі оқиғаның бірінен саналады. Қазақтың тұңғыш әмбебап көп томдық энциклопедиясын әзірлеп басып шығару үшін Қазақстан Үкіметінің шешімімен 1967 жылы қыркүйек айында Қазақ КСР Ғылым академиясының жанынан «Қазақ Совет энциклопедиясының» Бас редакциясы құрылды. Оған ғылыми-зерттеу мекемесінің дәрежесі беріліп, тікелей Қазақ КСР Ғылым академиясының Төралқасына бағындырылды. Қазақтың тұңғыш энциклопедиясының бас редакторлығына академик М.Қаратаев тағайындалып, халқымызға танымал ғалымдар мен мамандардан құралған Бас редакция жасақталды.
Бас редакцияның жанынан білім салалары бойынша 29 ғылыми топ құрылды. Бұлардың құрамында 313 ғалым мен маман: олардың ішінде 27 академик пен корреспондент мүшесі болды. «Қазақ Совет энциклопедиясының» әрбір томын әзірлеуге орта есеппен 850–1200 автор қатысты.
Баспа алғашқы 12 томдық “Қазақ Совет энциклопедиясын” (ҚСЭ) 1968 – 1978 жылдар аралығында шығарды. Әр томы 40 000 данамен таралып, 120 баспа табақ көлемінде жарық көрген 12 томда барлығы 49 мыңға жуық мақала жарияланып, оның 30 пайызы ұлттық (жергілікті) терминдер мен ұғымдарды қамтыды. 13 мыңға жуық карта, сурет және басқа да көрнекі материалдармен безендірілді.
«Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы 12 томдық әмбебап энциклопедиядан кейін шығарған басылымдардың ең сүбелісі ретінде төрт томдық «Қазақ ССР» қысқаша энциклопедиясын атауға болады.
Сондай-ақ, 2 томдық орысша-қазақша сөздік, 4 томдық Қазақ ауыл шаруашылық энциклопедиясы, 3 томдық Балалар энциклопедиясы, “Алматы” анықтамалығы, тағы басқа кітаптар жарық көрді. Аталған кітаптар халқымыздың жан-жақты танымдық ақпарат алумен шектеліп қалмай, терең энциклопедиялық білім негіздерін игеруіне жағдай жасады.
1986 жылы Қазақстан қалалары мен облыстарына арналған серияның жалғасы ретінде (мұның алдында қазақ және орыс тілдерінде «Алматы» энциклопедиясы шыққан) «Қарағанды. Қарағанды облысы» энциклопедиясы басылып шықты. «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясының маңызды басылымдарының қатарына еліміз тарихындағы тұңғыш үш томдық «Ол кім? Бұл не?» атты балалар энциклопедиясы да кіреді. Энциклопедияшылар, сондай-ақ Ш.Уәлихановтың туғанына 150 жыл тоуына орай 5 томдық шығармалар жинағын басып шығарды.
Қазақ тілін оқып-үйренуді жақсарту, қазақ тілінің аясын кеңейту мақсатымен «Қазақша-орысша сөздік», «Қысқаша орысша-қазақша сөздік», «Орысша-қазақша тілашар» жарық көрді. Оқырмандардың ерекше ықыласына ие болған басылымдардың бірі – «Шаңырақ» үй-тұрмыс энциклопедиясы болды. Осы шығарылған еңбектердің арқасында «Қазақ энциклопедиясының» өз оқырмандары қалыптасты. Энциклопедиялық баспаның шығарған кітаптары арқылы дүние жүзі қазақ халқын тани бастады. 1991 жылға дейін жарық көріп, өз оқырмандарын тапқан айтулы басылымдардың қатарына «Ақ отау», «Негеш», «Философия» энциклопедиялық сөздігі, т.б. жатады.
«Қазақ энциклопедиясының» 50 жыл тарихының екінші кезеңі – Қазақстан өз тәуелсіздігіне ие болып, ұлттық сана-сезім жаңа деңгейге көтерілген, қоғамда жаңаша көзқарас сенімді түрде орныға бастаған тариъхи кезеңмен байланысты болды. Бұл тұстағы қазақ энциклопедияшыларының қолға алған жауапкершілігі мол, байсалды да мазмұнды жұмысы – жаңа «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясын дайындап, жарыққа шығару еді.
Соның нәтижесінде «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясының 1-томы 1998 жылы, соңғы 10-томы 2007 ж., осы кітаптың орыс тіліндегі 5 томдығы («Казахстан. Национальная энциклопедия) 2004 – 06 жылдары жарық көрді.
Алғашында 6 томға есептелген еңбек бірте-бірте толыға берді. Сөйтіп, оның соңғы 9–10-томдарын шығару энциклопедияның 40 жылдық мүшелтой мерекесімен сәйкес келді. Осы жылдар ішінде Ұлттық энциклопедияның 5 томдық орысша қысқартылған нұсқасы және ағылшын тіліндегі анықтамалық нұсқасы басылып шықты.
1997–2015 жылдары энциклопедия ұжымы тек ұлттық энциклопедия шығарумен ғана шектелген жоқ.
2009–15 жылдары жарық көрген іргелі басылымдар ішінен 2 томдық «Қазақстан ғылымы», 5 томдық «Қазақстан табиғаты», 3 томдық «Балалар энциклопедиясы», ауған соғысының батырлары мен ардагерлеріне арналған «Даңқ», 2 томдық «Қазақстан ғалымдары», тұңғыш рет жинақталып жарық көрген «Қаныш Сәтбаев», «Абылай хан» тұлғалық энциклопедияларын, «Балаларға базарлық» көркем суретті энциклопедиясы, Қадырғали Жалайридің «Жамиғ-ат тауарих» сөздігі, «Түрік поэзиясы» және «Түрікмен поэзиясы» антологиясы, академик М.Қозыбаевтың 7 томдығы, «Психология» энциклопедиялық сөздігі, академик З.Қабдолвтың 5 томдығы, «Жаңа ғасыр жырлайды» жас ақындар антологиясы, «Қазақ көтерілістері» энциклопедиясы, т.б. атауға болады.
«Қазақ энциклопедиясы» ұжымының қалыптасып, аяғынан тік тұрып, Қазақстандағы жетекші баспалардың біріне айналуына оның алғашқы басшылары: М.Қаратаев, М.Қозыбаев, Р.Нұрғалиев, Ә.Нысанбаев, Б.Аяған, Б.Жақып үлкен еңбек етті. Қазіргі басшысы философия докторы Ж.Н.Тойбаева.
Не бары бірнеше ай аз уақыт ішінде жеке авторлардың 13 томнан тұратын 10 аталым кітабы жарық көріп, еліміздің кітапхана сөрелерінен орын алды. Олардың ішінде Қожа Ахмет Иасауидің «Көңілдің айнасы», академик С.Қирабаевтың «Өмір тағылымдары», Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Қ.Мұхамбетқалиұлының 4 томдық «Шығармалары», Қ.Сейітұлының «Пайғамбарлар тарихы», т.б. бар. Осылайша баспа ұжымы халқымыздың рухани мәдениетін дамытуға өз үлесін қосуда

БАСПАҒА БАСШЫ БОЛҒАН ТҰЛҒАЛАР

Қаратаев Мұхамеджан 

(1910 – 1995)

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Телікөл ауылында туған. ...

БАСПАҒА БАСШЫ БОЛҒАН ЖЫЛДАР 1968–1979

Қозыбаев Манаш Қабашұлы 

(16.11.1931-30.10.2002)

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Тазкөл 

ауылында туған. ...

БАСПАҒА БАСШЫ БОЛҒАН ЖЫЛДАР 1980–1986

Нұрғалиев Рымғали 

(17.6.1940 – ....)

Шығыс Қазақстан облысы Семей 

қаласы әкімдігі Қайнар ауданында туған. ...

БАСПАҒА БАСШЫ БОЛҒАН ЖЫЛДАР 1986–1997

Жақып Бауыржан Өміржанұлы 

(1.5.1963)

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Аққора 

ауылында туған. ...

БАСПАҒА БАСШЫ БОЛҒАН ЖЫЛДАР 2009–2015

Нысанбаев Әбдімәлік 

(1.5.1937)

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Қарауылтөбе ауылында туған. ...

БАСПАҒА БАСШЫ БОЛҒАН ЖЫЛДАР 1997–2003

Аяған  Бүркітбай Ғелманұлы

(20.11.1954)

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл  ауданы Ақтас ауылында туған. ...

БАСПАҒА БАСШЫ БОЛҒАН ЖЫЛДАР 2003–2009

Жалғасы...

Жалғасы...

Жалғасы...

Жалғасы...

Жалғасы...

Жалғасы...

БІЗДІҢ ҰЖЫМ

Тойбаева Жадыра Нурбаевна

Директор Бас редактор

Иманалиева Индира Адилхановна

Бас есепші

Жалгасова Гулмира Махмудовна 

Қызметкерлер жөніндегі менеджер

Егеубаева Галия Курмашовна

Редактор-корректор

Жандыбаев Гусман 

Аға редактор

Қошым-Ноғай Кенжеғали Серікбайұлы 

Редактор

Мауытов Нурымжан Кереевич

Бас редактордың орынбасары

Алмасбекова Гүлхан Сабырханқызы

І-санатты маман

Байленова Меруерт Мәулімсейтқызы

Редактор

СЕРТИФИКАТТАР

ҚР, Алматы қ. 

8 мкр. 19 үй 

e-mail: kazenc@mail.ru 

сайт aisit.kz компанияда әзірленді және қорғалған

Сіздің мәліметтерін енгізіңіз және біз кері сізге қоңырау шаламыз