ОБРАТНЫЙ ЗВОНОК

+7 727 249 98 69

+7 727 249 71 41

АЯҒАН  Бүркітбай Ғелманұлы (20.11.1954) – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл  ауданы Ақтас ауылында туған. Тарихшы, тарих ғылымдарының докторы (1996), профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Кеңесінің мүшесі, Қазақ Білім академиясының академигі (2006). 1979 жылы Абай атындағы Қазақ педагогалық институтын бітірген. 1979 – 90 жылдары Қазақ педагогикалық институтында комсомол ұйымының хатшысы, оқытушы, 1990 жылы Қазақ КСР-і Жоғарғы білім министрлігінде жетекші ғылыми қызметкер, 1990 – 96 жылдары Президент әкімшілігі мен Миннистр Кабинетінде баспасөз қызметінің кеңесшісі, сектор меңгерушісі, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды. 1996 – 98 жылдары Қазақ заң университетінің сыртқы байланыстар орталығының директоры, 1998 – 2003 жылдары Алматы қалалық ақпарат пен қоғамдық келісім басқармасының бастығы болды. 2003 – 09 жылдары “Қазақ энциклопедиясының” бас директоры міндетін атқарған. Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы (қоғамның әлеуметтік құрылымының эволюциясы, саяси өзгерістер,

халықтың демографиялық құрылымындағы өзгерістер) тарихи мәселелерін зерттеуге арналған. “Қазақстан мемлекеті: қоғамдық жүйелердің эволюциясы” (1994), “Кеңестік социализмнің шарықтау шегі мен батуы. Қазақстан полигоны” (1999), “Қызылдар мен қаралар”, т.б. кітаптардың, көптеген ғылыми мақалалардың авторы. Мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулықтарды жазуға қатысты (жалпы білім беретін орта мектептің 11-сыныбына арналған “Қазақстан тарихы” (1993), 9-сыныпқа арналған “Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы” (2005), жоғары оқу орындарына арналған “Социология негіздері” (1993), т.б.). Жапонияда, Түркия, Ресей, Германия мен Малайзияда болып, ғылыми симпозиумдарға қатысқан. Баспа және полиграфия ісінің қайраткері, “Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы”, “Ерен еңбегі үшін” медальдарымен марапатталған.

Сайт разработан и защищен компанией

 

РК, г.Алматы

8 мкр. дом 19

e-mail: kazenc@mail.ru

aisit.kz

Введите ваши данные и мы обязательно вам перезвоним