Шығыс Қазақстан облысы
Тіл: Қазақ
Бет: 843
Жыл: 2014
Бағасы: 3000 теңге
Облыстық энциклопедияда қазақ елінің аса ірі индустриалды-аграрлы өлкесі туралы жан-жақты мәліметтер жүйеленген. Мұнда облыстың әкімшілік-аумақтық бөлінісі, тұрғындары, экономикасы мен мәдени дамуы, табиғат байлықтары жайында мол ақпарат берілген. Кітапта тарихи тұлғалар, өңірден шыққан мемлекет және қоғам қайраткерлері, соғыс және еңбек ардагерлері, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, мәдениет және өнер қызметкерлері туралы мақалалар берілген. Энциклопедияда бұрын көпшілікке беймәлім мұрағат құжаттары, фотоматериалдар кеңінен пайдаланылған.
Аймақтың тарихына, әлеуметтік-экономикалық әлеуетіне, өлкенің өшпес рухани және материалдық құндылықтарына қызығушылық білдіретін оқырманға арналған бұл басылымның ғылыми-өлкетанымдық мәні зор.
Кітапті сатып алу