БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

+7 727 249 98 69

+7 727 249 71 41

Шығыстың бес тарихы

 

 

 

Тіл: Қазақ  
Бет: 328
Жыл: 2017
Бағасы: 4000 теңге

  Қазақ тарихына қатысты аса құнды жәдігердің бірі – Құрбанғали Халидидің «Тауарих-и хамса-и шарқи» – «Шығыстың бес тарихы» (1910) исі түрік қауымының зиялылары мен оқымыстылары орнықтыруға ұмтылған шағатай жазба мұраларының негізіндегі «ортақ тілде» жазылған және араб пен парсының ғылыми терминдері барынша еркін қолданылғандықтан да, бұрынғы басылымдары қысқартылып не баяндалып қана берілген. 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы мен Ұлттық академиялық кітапхананың сирек қоры бөлімі бірлесе отырып жүзеге асырған бұл Жоба – тарихшының қолжазба мәтінінің барынша дұрыс оқылуын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынды.
Қолжазба мәтіні – Қазан, Алматы басылымдарының мәтіндерімен салыстырылды. Айырмашылықтар мен түзетулер, автордың өзі, не аудармашылылар тарапынан жасалған қысқартулар ажыратылды. Қолжазба мен Қазан басылымының көшірмесі, қолжазбаның транскрипциясы мен қазақша аудармасы қатарластырыла ұсынылды. Бұл: осы еңбекке назар аударған мамандар мен ғалымдардың – мәтіні және грамматикалық құрылымы аса күрделі еңбектің төрт нұсқасын салыстыра қарастырып, ғылыми пікір топшылауларына дәйек іздеуге септігі тисін деген ізгі тілектен туды.

 

Кітапті сатып алу

сайт aisit.kz компанияда әзірленді және қорғалған

ҚР, Алматы қ. 

8 мкр. 19 үй 

e-mail: kazenc@mail.ru 

Сіздің мәліметтерін енгізіңіз және біз кері сізге қоңырау шаламыз